Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕКПЕ АЛУ МІНДЕТТІ МЕ?

c 11:46, 10/09 c 44

Орал қаласында адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация мәселесі дөңгелек үстелде талқыланды. Мамандар вакцинаның қаншалықты маңызды екенін түсіндіру үшін халыққа кең ақпараттық науқан жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинация тақырыбына қатысты дөңгелек үстел басына жиналған жетекші мамандар қазіргі науқастардың статистикасын ұсынды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, әлем бойынша жыл сайын 570 000-нан астам әйелге аталмыш аурудың диагнозы қойылады екен. Ал Қазақстанда жыл сайын шамамен 1 900 жатыр мойны обыры жағдайы тіркелген. Бұл статистика санын екпе ғана төмендете алады дейді мамандар.

Дөңгелек үстел барысында мамандар вакцинацияның тиімділігін талқылады. Адам папилломасы вирусына қарсы екпелер жатыр мойны обыры мен басқа да аурулардың 90% алдын алуға мүмкіндік беретініне ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ вакциналардың қол жетімділігі мәселесі де көтерілді.

Мамандар екпе алудың артықшылықтарын ел арасында түсіндірудің маңыздылығын айтып, ақпарат таратуға кедергі келтіретін теріс ойларды тежеуді ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.