0:00 / 0:00
Жаһанды жайлаған індетпен күрестің ең тиімді де, дұрыс жолы - оған қарсы жаппай екпе салдыру, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Бұл - әлем мойындаған шешім, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та шегелеп айтып келеді. Денсаулық сақтау министрлігінің алдында қыркүйек айына дейін еліміздің 10 миллион азаматын індетке қарсы вакциналау міндеті тұр. Ол үшін айына кемі 2 миллион тұрғын екпе алуы шарт. Соңғы күндері Оралдағы жылжымалы егу пункттеріне келушілер саны артқан. Бүгінгі таңда облыс халқының 30 пайызы ауруға қарсы екпе алғанын ескерек, жалпы халықтық иммундық жүйені қалыптастыру үшін тағы да 30 пайыз тұрғын вакцина алуы тиіс. Өңірде екпе қабылдағандардың жалпы саны - 122 187 адамға жетті. Мәселен, ауруға қарсы екпе алғандар арасына өлім жағдайы тіркелмеген. Ал ауруды жұқтырғандардың өзі жеңіл түрімен ауырып, бірқатары тіпті вирус жұқтырғандарын сезбеген.
Бүгінгі күні екпе қабылдағандардың ішінде зейнеткерлер өте көп. Олар қазіргі уақытта халық арасында екпеге қарсы түрлі үгіт-насихат жүргізіп жүргендерге медициналық препарат туралы мамандардан ғана нақты ақпарат алуға кеңес береді. Өйткені ғаламторды жайлаған жалған, жағымсыз жаңалықтар шындыққа жанаспайды,- дейді көпті көрген кемеңгер қариялар.Ал 85 жастағы Надежда Ахтырская емханадан екпе алғанын растайтын құжатты қолына алды. Енді зейнеткер ағзасы ауруға қарсы төтеп беретінін сеніммен айтты.Жекелеген аудандарда екпе алу қарқыны жоғары. Мысалы, Жәнібек ауданында тұрғындардың 57, Тасқалада 53 пайызы егілген. Олар ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін халықтың кем дегенде 60 пайызы екпе қабылдау керектігін жақсы түсінеді. Әсіресе, медицина қызметкерлері , мұғалімдер және құқық қорғау органдарының өкілдері белсенділік көрсетуде.