Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологиялық жағдай қалыпты

c 17:48, 31/01/2019 c 900

0:00 / 0:00

Өткен жылы экологтар өңірдегі өндіріс ошақтарына 157 тексеру жүргізіп 313 заң бұзушылығы анықтап оның 214-не әкімшілік айыппұл салған. Табиғат қорғаушылардың сөзіне сенер болсақ, Ақжайық өңірі еліміздегі ең таза экологиялық аумаққа жатады. Өңірдегі ең өзекті экологиялық мәселелердің бірі- қоқыс өңдеуші зауыттың жоқтығы. Жуырда қалада жаңадан салынуы жоспарланып отырған қоқыс полигонындағы қоқыс өңдеуші зауыт бұл мәселенің шешімін табады дейді өңірдің бас экологы. Аталмыш кәсіпорын іске қосылған жағдайда тұрмыстық қалдықтарды өңдеу 7,8 пайзға дейін артпақ. Бүгінгі күні құрылысқа арнап 54 гектар жерді бөлінгенін де айта кету қажет. Облыста өткен жылы табиғат пайдаланушыларға Қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу талаптары бойынша 84 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 87 млн 436 мың теңге көлемінде қаражат өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.