0:00 / 0:00
Орал қаласындағы облыстық экологиялық-биологиялық орталықта жөндеу басталды. Бұл жұмыстар тамыз айының аяғына дейін жалғаспақ. Көктемгі су тасқыны кезінде флора мен фаунаның алуан түрі жинақталған орталық қатты зардап шекті. Мекеменің қызметкерлері қиындықты абыроймен еңсердік,- дейді.
Оралдағы экологиялық-биологиялық орталық өз жұмысын 1958 жылдан бастады. Содан бері түрлі қиын кезеңді бастан өткерді. Соңғысы осы көктемгі су тасқыны. Тасқын судан орталықтың зардап шеккен аймағы көп. Жылыту қазандығы да істен шығыпты.
Орталықтағы жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталмақ. Бұл мақсатқа қазынадан 120 млн теңгедей қаржы бөлінген.
Бүгінгі таңда жануарлардың қалыпты жағдайда өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалыпты. Аптап ыстықта аюларды күніне 2 рет жуындырады.
Қазіргі таңда облыстық экологиялық-биологиялық орталықта 250 жануардың дарағы мен 90 түрі бар. Орталықта 40 үйірме жұмыс істейді. Мектептен тыс үйірмелерге 600-ден астам оқушы қатысады.