Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Экологиялық ахуал

c 18:49, 29/10/2019 c 567

0:00 / 0:00

Қазақстанда ауаға тарап жатқан улы заттар Париж келісіміндегі міндеттемеден асып түсті. Яғни нормадан бірнеше есе артық улы зат қоршаған ортаны ластап жатыр. Бүгін өткен Үкімет отырысында еліміздің бас экологы Мағзұм Мырзағалиев осы мәселені көтерді. Министрдің айтуынша, Қазақстан Париж келісіміне  қол қойғанда көмірден бас тартып, жаңартылған энергия көзіне өтеміз деген міндет алған болатын.

Қазақстан Париж келісімін ратификациялағанда 2030 жылға дейін парниктік газдардың қалдығын 15 пайызға  азайту туралы міндетті мойнына алған болатын. Алайда, елдегі алпауыт кәсіпорындар жылына 1 млн тонна улы заттарды шығарып жатыр. Осының салдарынан  ірі кәсіпорындардың мұржаларынан ауаға тарап жатқан улы затттардың көлемі келісімдегі міндеттемеден асып кетіп отыр. Бас эколог көмірден ақырындап бас тартып, жаңартылған энергия көзіне өткен жағдайда ғана табиғат ананы улы заттардан қорғай алатынымызды айтады. Бұл да осы келісімдегі мойнымызға алған міндет болып табылады. Баламалы энергия көзіне өтсек, парниктік газдардың қалдығының ауаға тарауы да төмендейді. Ол үшін министрлік 2050 жылға дейінгі көмірді пайдалануды төмендетуге арналған стартегияны әзірлеп жатыр. Оған тіпті неміс сарапшылары тартылмақ.

Климаттың жаһандық  өзгеруімен күресу үшін көмірді пайдаланудан бас тарту жақын арада жүзеге аспайтыны мәлім. Себебі, көмірдің бағасы қолжетімді және біздің елде көмір өндіріс дүркіреп тұрған сала. Ал желден, судан, күннен энергия көзін тарту мәселесінде облыстар әлі де болса баяу жұмыс істеп жатыр. Үкімет басшысы Батыс Қазақстан облысында бірде-бір жаңартылған энергия көзінің нысаны жоқ екенін айтып, сынады.

Сондай-ақ, экология министрі тұрмыстық қоқысты өңдейтін зауыттардан өндірілетін электр энергиясына жаңартылатын энергия көздерінің жасыл тарифін қолдануды ұсынды. Бұл шара полигондарда қоқыстарды көму көлемін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді дейді ол. Жасыл тариф енгізілсе, жыл сайын 1,5 млн тоннадан астам қалдықты кәдеге жаратуға мүмкіндік туады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.