Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Эко мәдениет

c 19:51, 28/09/2020 c 1233

0:00 / 0:00

Қазақстандықтарда экологиялық мәдениет жоқ. Орталық коммуникациялық қызметі алаңына келген сарапшылар  қоршаған ортану қорғауды отбасынан бастау керек дегенді айтты. Біздің елде әлі күнге дейін қарапайым қоқыс жинау мәдениеті жүйелі жолға қойылмаған. Қоқыс тастайтын жәшіктер жіктелмеген. Дамыған елдерде шыны, пластмас қоқысын жинайтын жәшіктер тізбегі тұрады. Ал бізде қоқыстың бәрі бір жәшікке тасталады. Оны қайта өңдеу үшін іріктеу жұмысын қиындатады. Қоқысты қайта өңдеудің өзі әлі толыққанды жүзеге асып жатқан жоқ. Пандемия барысында қолданылған бетперде мен қолғаптарды  ашық жерге лақтыра салатындар да көп болып отыр.

Қазақстанда қоршаған ортану қорғауға соңғы жылдары ғана бет бұра бастады. Тіпті қаншама жыл бойы экология министрлігі деген атымен болған жоқ. Бір-біріне қайшы келетін энергетика минситрлігімен біріктіріліп, бұл сала кенже қалып қойды. Әрине ғылыми-техникалық революция болды. Өнеркәсіптер  жұмысы қарқындап жатыр. Техниканың ғаламат жетістіктері, шапшаң дамуы табиғатта зор зиян әкелуде. Адамзаттан табиғатқа келіп жатқан қасіреттің орнын толтыру үшін көп еңбек керек.   Өзен-көлдер тартылды, ауа ластанды. Бұл ауқымды көлемдегі экологиялық апат. Алайда адамдар қарапйым қағиданы ұстанса табиғат ананы қорғап, сақтап қалуға болары хақ. Экологтар қазақстандықтарда эко мәдениеттің жоғын айтып шырылдайды.  Тіпті ел Президенті өзінің биылғы жолдауында балаларды табиғатты аялауға үйрету үшін экологиялық пән енгізуді ұсынғанды. Сарапшылар экологиялық білім беру ең қажетті дүние дейді. Экологиялық біліммен айналысу Білім министрлігі, Экология министрлігі не жергілікті әкімшіліктің ғана міндеті емес. Ол - әр отбасының міндеті. Қарапайым қоқыс тастаудың өзі мәдениеттілікті қажет етеді.

Сарапшылардың айтуынша, дүниежүзіндегі әр 6-шы адам ауаның ластануынан қайтыс болып жатады. Теңіз, мұхиттарға 15 млрд тоннадан астам қоқыс тасталған. Осының кеселдерінен көп жануар мен құс зардап шегіп жатыр.

Мамандар қоршаған ортаны ластамауға үйрететін  түрлі түсіндірме роликтер жасап, жапсырмалар қойып, қоқыс тастауға, түкіруге болмайтыны сияқты үгіт-насихат жұмыстары тоқтаусыз жүргізу керек дейді. Соңғы кезде елде  жануарларға көрсеткен қатыгездік деректері көп орын алып отыр. Табиғаттың берген кереметі күлгін түс Көбейтұз көлін аз уақыттың ішінде ластап, тұзын тасып, сатып пайда тапқан адамдардың әрекеті есімізде.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.