0:00 / 0:00
Орал қаласындағы екі емханаға жедел жәрдем көлігі берілді. Осылайша Батыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері жаңа жедел жәрдем көліктерімен толықты. Техника демеушілер арқылы алынған. Бұған дейін аймаққа гуманитарлық жүкпен өкпені жасанды желдету, импульстік оксиметр және оттегі концентраторлары аппараттары келген болатын.Бұл көмек «Самұрық-Қазына» АҚ пен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында көрсетіліп отыр. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы - «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры» қажетті жабдықты сатып алып, өңірлерге тапсырды. Жедел жәрдем көліктерінің бірін алған №1 қалалық емхананың директоры Светлана Ермекқалиева мұндай сыйлық үшін Samruk-Kazyna Trust компаниясына ризашылығын білдірді. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысына 4 өкпені жасанды желдету құралы, 30 оттегі концентраторы, 60 пульстік оксиметр ұсынылған. Сондай-ақ өңірге ShevroletDamas маркілі екі жедел жәрдем көлігі берілді. Облыстық көпбейінді аурухана жанынан ашылған провизорлық орталықта наурыз айынан күні бүгінге дейін 1700 науқас емделіп шыққан.«Самұрық-Қазына» АҚ ұсынған осындай жиынтықтар әр өңірге және республикалық маңызы бар қалаларға берілмек. «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі Мирас Иргебаевтың айтуынша, бұл шаралар біздің медицинаның жұқпалы аурулардың, оның ішінде COVID-19 коронавирустық инфекциясының өршуіне қарсы тұруға дайындық деңгейін арттыру және ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайту үшін жасалуда. Бұл ретте меморандум шеңберінде Қазақстанның медициналық мекемелеріне барлығы 100 жедел жәрдем көлігі, 1000 оттегі концентраторы, 50 желдеткіш және 1000 пульстік оксиметр жеткізілген.