0:00 / 0:00
Бүгінгі таңда Орал қаласында 2000 азамат екі қолға бір күрек таба алмай жүр. Бұл "Жұмыспен қамту" орталығында тіркелген жұмыссыздар саны. Алайда ешбір мекемеге бас сұқпай, жұмыс таба алмай жүргендер көп. Сала мамандарының хабарлауы бойынша, 10 мың адам жұмысқа тұру үшін жолыққан.
Облыс орталығында ресми түрде 2000 азамат жұмыссыз. Олар жұмыспен қамту орталығына жолыққан жандар. Алайда өзінің күнін өзі көріп, ешбір мекемеге бас сұқпаған адамдар көп. Сала мамандары өткен жылы мекемеге 10 мың оралдық жұмысқа тұру үшін жолыққанын айтады.
Өткен жылдары жұмыссыздықты жою үшін "Еңбек" бағдарламасы іске асқан-ды. Осы бағдарлама аясында өз кәсібін ашуға ниетті жандарға қайтарымсыз грант берілді. Оралдық жеке кәсіпкер Айгүл Есмұратова гранттың иегері. Ол шаштараз болып жұмыс істейді.
Азаматтарды жұмыспен қамтуға арналған "Еңбек" бағдарламасын арнайы ұлттық жоба алмастырмақ. Әзірге жоба пилоттық деңгейде іске асады деп күтілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында азаматтарды жұмыспен қамтуға басты назар аударды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңадан тағайындалған Әлихан Смайловтың үкіметі екі ай ішінде жұмыссыздықпен күресіп, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарылатын жұмыстарды жасақтауы тиіс.
Сурет https://mk-turkey.ru/ сайтынан жүктелді