Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі арендалық үй салынуда

c 17:51, 12/05/2021 c 573

Орал қаласында 21 мыңнан астам азамат баспана кезегінде тұр. Сала мамандары бір жылда түрлі бағдарламамен 1000-1500 адам үйлі болса, жылына 3000 адам пәтер кезегіне тұратынын айтады. Қазіргі таңда қолданыстағы заңнамаға сәйкес бес санат атқарушы органдардың кезегіне тұра алады.

2021 жылы оралдықтардың 21 мыңы баспана кезегінде тұр. Өзгеріске ұшыраған тұрғын үй заңнамасына сәйкес қазіргі таңда жетімдер, қандастар, мемлекеттік қызметте жасайтын қызметкерлер, әлеуметтік аз қамтылған жандар мен апаттың үйлердің тұрғындары түрлі бағдарламаға қатысып, пайызы арзан несиеге үй алып немесе арендалық баспананы паналайды.

Құрылысы жүріп жатқан 2 үй арендалық болмақ. Оның біреуі облыс орталығында болса, енді бірі Ақсай қаласында орналасқан.

Облыста "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының аясында көпқабатты тұрғын үйлерден бөлек, ауылдық жерлерде 108 үйдің құрылысы басталды. 46 баспана Теректі ауданында бой түзейді.

Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.