0:00 / 0:00
Бұған қоғам белсенділері қарсылық білдіруде.Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Мерседес» көлігінің жүргізушінің жол апаты болған сәтте қандай жылдамдықпен қозғалғаны әлі беймәлім болып отыр. Бұл бағыттағы сараптамалар Нұр-Сұлтан қаласында жасалатындықтан қас қағым сәтте екі адамды өлтірген күдікті босандықта жүр. Бұл мәселе жалпы қоғам наразалығын тудырып отыр. «Nur Otan» партиясының атынан Оралдықтардың шағымдарын жеткізген Әлия Сәлиева мен Нұргүл Ашиқова тергеу амалдарының барасына халық қанық болуы тиіс деген пікірде. Мерседес көлігінің заңды иесі Дамир Әубәкіров есімді қала тұрғыны. Ал оны басқарған 22 жасар жүргізушінің аты-жөні мен өзге ақпараттар туралы тәртіп сақшылары жақ ашпады. Айтуларынша, тиісті сараптама қортындысы белгілі болғанша ақпарат құпия сақталады. Деседе жол көлік оқиғасына жауапты тұлға заң аясында жазасын алатын болады деп сендірді полицейлер. Сонымен қатар депутаттар осы секілді қоғамға қауіпті тұрғындардың аты-жөнін БАҚ үнемі жариялап, тұрғындарды сақ болуға шақыру керек дейді.