Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Екі адам қызмет бабында қаза болған

c 17:00, 28/03/2019 c 843

0:00 / 0:00

Биыл  қызмет бабында екі мемлекеттік қызметкер жазатайым жағдайға тап болып, өмірмен қоштасқан.  Бұл туралы бүгін баспасөз алаңында облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармасының мамандары мәлімдеді. Қызмет бабында бақилық болған мемлекеттік қызметшілердің бірі-  Қаратөбе ауданын әкімдігіне қызмет атқарса, енді бірі облыс орталығындағы мемлекеттік мекемелер бірінің жұмысшысы  көрінеді.Өткен жылы өндіріс орнында  54 адам зардап шегіп, 6 адам қаза тапты. Мұндай типті жазатайым оқиғалар бойынша заңнама бұзушылықтарына жол берген жұмыс берушілерге қабылданған шараларға қарамастан, әлі де еңбек орнында  осындай жағдайлар орын алуда.  Биыл аталған олқылықтардың орын толтыру мақсатында,  елеміз бойынша осы салада «Еңбекті қорғау жылы» болып белгіленіп,  кәсіподақтар басқармасы мен еңбек инспекциясы біріккен жобаны жүзеге асыруда. Яғни кәсіподақ жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы  еңбек шартының болуын қамтамасыз ететін болса, еңбек инспекциясы сол шарттың заңды жүзеге асауын қадағалайды. Сала мамандары атап өткендей үстіміздегі жылдан бастап, шағын және орта кәсіп иелері мен олардың қызметкерлері арасында кәсіподақ құру жұмыстары қолға алынып жатыр. Мұндай тәжрибие Астанада сәтті жүзеге асқан көрінеді. Айта кететін бір жәйт өндіріс ошағында орын алған қайғылы жағдайлар жылдан -жалға  азайып келеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.