Жол апатынан екі адам көз жұмды. Оқиға 19 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі - Ақсай тас жолында болған. Сағат 15.10 кезінде 1975 жылғы көлік жүргізушісі «ВАЗ-21093» (ресейлік нөмірімен) маркілі автокөлігін солтүстік бағытта басқара отырып, «Бөрлі-Ақсай» тас жолының 28 шақырымында Пугачев ауылының маңында жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Лада Ларгус» маркілі автокөлігіне соқтығысады. Рөлде 1995 жылғы жүргізуші болған.Жол-көлік оқиғасы салдарынан «ВАЗ-21093» автокөлігінің 1975 жылғы жүргізушісі және осы көліктегі 1995 жылғы жолаушы оқиға орнында көз жұмған.