Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

 ЕЭО пайда бар ма?

c 20:17, 15/10/2020 c 478

0:00 / 0:00

Еуразиялық Экономикалық Одақтан Қазақстанға пайда бар ма?  Депутаттарды осы мәселе мазалады. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов  Одақ аясында Қазақстан мен Ресей арасындағы мәселелерді атады. Депутаттардың айтуынша, шағын және орта бизнестің одақ аясында шешілмей жатқан проблемалары өте көп. Сенаттың жалпы отырысында депутатар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу, сондай-ақ жекелеген халықаралық шарттардың қолданысын өзгерту және тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау» жөніндегі заң жобасын талқылап,қабылдады. Аталған заң жобасын таныстырған ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хаттамада кедендік әкелу баждарының сомаларын бөлудің жаңа нормативтерін бекіту көзделетінін айтты.

Еуразиялық экономикалық одақ аясында кім ұтады, кім ұтылады деген сұрақ жиі көтеріліп жүр. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін Ресей төңірегінде өз ісін өрбіту қиын. Ал біздің елде ресейлік бизнестің өркендеп жатқанын көре аласың. Еуразиялық экономикалық комиссияның  азық-түлік сапасын бойынша бекіткен стандарттар бойынша тек  ірі компанияларға ғана мүмкіндік бар. Ал шағын өндірістегілер бұл нарыққа кіре алмай отыр. Одақ ішінде әкімшілік кедергілердің салдарынан Қазақстандық экспорт төменгі көрсеткіште . «Атамекен»кәсіпкерлер палатасы 85 әкімшілік кедергі орын алып отырғанын айтады. Украина аймағына тасымалдау үшін Ресей арқылы өткізуде шектеулер бар. Сүт өнімдерін тасымалдаушылар үшін бюрократиялық әрекеттер орын алуда. Сол сияқты Белорусь нарығына алкоголь өнімдерін шығару  да Қазақстан үшін кедергілер бар. Ал Ресейде біздің алкоголь өнімдерін сату төменгі көрсеткіште.

Дәурен Әділбеков – ҚР парламент сенатының депутаты «Бізге тауарын импорттап жатқан ресейлік кәсіпкерде  біздің экспортшыларға қарағанда  мүмкіндік көп.Ресейде қосымша құн салығы 20 пайыз, бізде 12 пайыз.Бұл қашанға жалғаса береді?Ресейлік кәсіпкер үшін көп жағдай жасалған.Тауарын еркін өткізіп жатыр.Жаранама жүріп жатыр».

Айта кету керек, Қазақстанға келіп жатқан Ресей тауарларымен салыстырғанда, Ресейге экспортталып жатқан қазақстандық тауар түрлері үш есеге аз. Өткен жылы  Қазақстанның Ресейге экспорты 5,5 млрд долларды құраса, Ресейдің импорты  14 млрд долларды құрады. Осылайша 8,5 млрд доллар кетіп қалды. Еліміздің бас экономисі бұл келеңсіздікті жоққа шығара алмады.

Руслан Дәленов – ҚР ҰЭМ «Бірқатар мәселелер шыныменде орын алып отыр.Біз оны сұр тізім дейміз. Алкоголь өнімдері,акциздік өнімдері,бәсекелістік мәселелері бар.Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алулар, ақпараттық жүйелер,цифрлық, эклектрондық қол қою мәселелері шешілмей жатыр »

Не керек, Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуына бастамашы болған Қазақстан үшін бұл бірлік тиімсіз болып тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.