0:00 / 0:00
Орал қаласында "ECOMED" медициналық орталығы өз жұмысын бастады. Аталмыш орталық Қазақстанда ашылған бірінші репродуктивті орталықтың Атыраудағы филиалы. Атыраудағы орталық 5 жылдан бері қызметін сәтті жалғастырып келеді. Білікті мамандар сәби сүйе алмай жүрген жандарды диагностикадан өткізіп, көмекке жүгінген жандарды жіті тексереді. Клиника соңғы үлгідегі барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
"ECOMED" медициналық орталығы дүйсенбіден жұма күндері таңғы сағат сегізден - түскі төртке дейін жұмыс жасайды. Ал сенбі күні мамандар сағат сегізден түскі бірге дейін Бәйтерек ықшам ауданы, Нұр 5 мекенжайында қабылдайды.