Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дуалды оқыту жүйесі- бәсекелестікке қабілетті маман дайындаудың тиімді тәсілі

c 00:00, 04/03/2015 c 771

0:00 / 0:00

БҚО-да аталмыш жүйе бойынша 14 коледждегі студент 17 мамандық бойынша оқытылуда. Дуалды оқытудың ең басты ерекшелігі, онда теориялық білім мен практикалық жұмыстар теңбе тең жүретінінде. Дегенменде біздің өлкемізде бұл жаңашылдықтың қарқынды жүзеге асуына кедергілерде бар көрінеді. Дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты-техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, осы нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа заманауи технологияларды, жаңа иновациялық технологиялық бағдарламаларды меңгере алатын дайын жұмысшы мамандар даярлау. Жалпы біздің облысымызда 38 коледж жұмыс жасауда, онда барлығы шамамен 22 мыңнан аса студент білім нәрімен сусындап келеді. Дуалды оқыту жүйесін өз білім ордасына алғашқы болып орнатқандардың бірі мұнай және газ коледжі. Қазір бұнда 250 студент үш арнаулы мекемеде іс тәжірибеден өтуде. Ұстаздардың айтуынша аталмыш жүйені дамыту біздің еліміз үшін қолайлы. Себебі дуалдық білім беру жүйесінің –кәсіпорында пркатикалық оқытуы бар колледждер мен жоғары оқу орнындарында теоретикалық оқытуды үйлестіру. Яғни, студенттер барлық оқу процесінің 60% өздерінің мамандығы бойынша жұмыс жасайды. Әрине бұл тәжірибе жастарымыздың жұмыспен қамту мәселесін шешуге бол мүмкіндік беретіні сөзсіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.