Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Досын шампурмен өлтірген

c 15:44, 30/01/2020 c 604

0:00 / 0:00

Досының жүрегіне шампур тығып өлтірген Оралдық 32 жасар тұрғын 11 жылға бас бостандығынан айрылды. 4 баланың әкесі саналатын күдікті өзінің әрекетін ішнәра мойындаған. Замир Рысмұхамбетов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылды. Сот талқысында анықталғанындай, 32 жастағы Рысмұхамбетов пен 30 жастағы  марқұм Артур Бекжанов дос болған. Және олар ортақ таныстарының ұлының дүниеге келуіне арналған отырыста бас қосқан. Ішімдік ішу барысында екеуі бір-бірімен сөзге келген. Ақырында Рысмұхамбетов шампурмен Бекжановтың жүрек тұсынан бір рет соққы жасаған. Ол алған жарақатының салдарынан  сол жерде жан тапсырған. Істі қараған судья Шара Зайнуллинаның айтуынша, З.Рысмұхамбетов кінәсін ішінара мойындаған. Рысмұхамбетовтің қылмысы аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Сондықтан ол 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сонымен қатар жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, 3 млн теңге моральдық залал өндірілетін болады. Марқұм бір үйдің жалғыз баласы болған және одан бір ұрпақ қалып отыр.  Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.