0:00 / 0:00
Сенат үш жылдық бюджетті мақұлдады. Өздеріңізге мәлім, үкімет бюжет шығысын жабу үшін тағы да Ұлттық қордан трлндар тартып жатыр. Өкінішке орай, шығындардың үштен біріне жуығы қарыз алу есебінен өтеледі. Мемлекеттік және үкіметтік қарыздарға қызмет көрсету шығындары үш жылда 6 триллион теңгеден асты. Енді АҚШ доллары шарықтап жатқанда, сыртқы қарыз да өсіп жатыр. Біздің елде мұнайдың қызығын көріп жатқан шетелдік алып компаниялар доллардың өсуінен пайдаға кенеліп жатса, қара халық қымбатшылықтың зардабын шегеді. Бас экономист болса, теңгеміз бұдан әрі әлісеремейтініне сенімді.
Қаржы министрлігінің деректерінде тек үкіметтің қарыздары ғана көрініс табады. Ал Ұлттық банкі, жергілікті атқарушы органдар мен квазимемлекеттік сектордың да қарызы бар ғой. Ол қарыздар туралы ақпарат жарияланбайды. Қарыздардың басым бөлігі квазимемлекеттік сектор арқылы, Парламентті айналып өтеді. Ағымдағы жылы сыртқы қарыз 167 миллиард долларға жуқытады. Ал жақында Парламент бюджеттің жыртығын жамау үшін тағы $545 млн қарыз алуға мүмкіндік беретін ратификацияларды бекітті. Үш жылдық бюджетте жыл сайын қарыздардың пайыздарын жабу үшін 2 триллион немесе 4 миллиард доллар жұмсасақ, енді доллар бағамының өсуіне қатысты қарыз 168 миллиард теңгеге өсіп отыр.
Ұлттық қорға сеніп алған үкімет енді бюджет дағдарысын шешудің басқа жолын табуы керек. Ұлттық қордан алынған ақша әлеуметтік төлемдерге пайдаланылады, Ал инфрақұрылымды дамытуға, білім беруге, инвестицияларға ақша салынбайды. Үш жылға Ұлттық қордан 6,6 триллион теңге алынады. Ұлттық қордың активтері 17,5 млрд долларға қысқарды.
Бас банкир Ұлттық қордан бөлінетін қаражат қазақстандық тауарлардың көлемін арттыруға, нақты жобаларды қаржыландыруға бағытталуы керек екенін айтады.Ал сенаторлар үкіметке қазынаны толтырудың басқа да жолдарын іздеуді ұсынады.
Снх. МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Өткен жылы үкімет 2024 жылдың кейбір салықтарын аванспен алған болатын. Нәтижесінде салықтардың түсуі бойынша толық сәтсіздікке ұшырады. Бұл «салықтық маневр» ақталмай, бір жарым миллион долларға тапшылық орын алды.