0:00 / 0:00
Доллар шарықтаған сайын, қымбатшылық келді деп халық әбігерге түсетіні заңдылыққа айнала бастады. Соңғы күндері доллардың едәуір өскенін көріп отырмыз. Айырбастау пунктерінде доллар бағамы 470 теңгеден асып тұр. Яғни 30 теңгеге бірақ өсті. Мамандар доллар өскенде әлемдік мұнай бағасының өсуі жалғасуда деп отыр. Бұл шикізатқа тәуелді біздің ел үшін жақсы жаңалық шығар. Бірақ елге келіп жатқан азық түлік пен өзге де тауар түрлері бойынша импортың басым екенін назарға алсақ. Доллар өссе тамақ та, киім де, тұрмыстық техникадан бастап, құрылыс материалдары, автокөлік пен тұрғын үйдің де бағасы өсетінін көріп жүрміз дейді елорда тұрғындары. Ал халық айтса- қалып айтпайды.
Ал экономистердің айтуынша, доллардың шарықтауынан халық пен шағын және орта бизнес қиналады.
Сондай-ақ, біз сұқбаттасқан экономист жарты айдан соң доллар бағамы қайта төмендейді деп жұбатады.
Ал бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов журналистерге берген сұқбатында доллардың қымбаттауы инфляцияға, азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының көрсетілуіне әсерін тигізбейді дегенді. Бан банкир ауыл шарушалығы министрлігі берген деректерді алға тарта отырып, біз өзімізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырмыз немесе соған жақынбыз. Қалған азық-түліктің бір бөлігін Ресейден жеткіземіз. Ал Ресеймен сауда-саттық жасағанда 88 пайыз теңге мен рубльді пайдаланамыз. Сол себептен біз доллардың қымбаттауынан тікелей әсерді күтпейміз, — деген еді.