Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Доллар бағасы көтерілді

c 18:43, 07/08/2019 c 943

0:00 / 0:00

Доллар құны тоқтатар емес. Оның қай деңгейге жететінін сарапшылардың өздері нақты болжай алмай отыр. Ал ұлттық банк айырбастау пункттерінде валюта ұстаушыларды есепке алып, жаңа жұмыс кестесін еңгізіп, қаржылық ұйымдарды бір жүйеге келтірмекші. Жаңа ережелерге сәйкес, еліміздегі айырбастау пунктілері таңғы 10.00-ден кешкі 19.00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ валюта айырбастауға келген әр тұтынушының есімі жазылатын болады. Атаулы өзгеріске тек тұтынушының тегі ғана емес, жеке басын куәландыратын нөмірі, берілген күні және қолданылу мерзімі сынды мәліметтер жатқызылып отыр. Бүгінгі күні айырбастау пунктерінде тұрғындар долларды 387,5 теңгеге сатып алып, 390 теңгеге саудалап жатыр. Үкімет құнды қағаздың тұрақсыздығына әлі түсінік берген жоқ, ал тұрғындар жағдайға наразы.

Сарапшылар АҚШ доллары айырбастау пунктеріне қойылған жаңа талаптарға байланысты көтеріледі дегенді алдыға тартады. Қазір сатып алу мен сату арасын екі-үш теңге жалғағанымен, доллардың өсуі тұрақтамаса, бұл меже 20 теңгеге дейін жетпек. "Доллар құнының шарықтауына әлемдік экономикамен біте қайнасқан сыртқы орта ғана емес, 2019 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстаннан капиталдың кетуі, алтын валюта резервтерін төмендетті", - дейді қаржы мамандары.

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.