Орал қаласында дойбыдан жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасында командалық республикалық чемпионаты өтіп жатыр. Сайысқа 48 спортшы қатысып, бақтарын сынауда.
Сала мамандары жыл өткен сайын дойбы спортына қызыққан кішкентай балалардың саны артып келеді. Бұл спорт түрімен шұғылданған балалардың есте сақтау қабілеті жақсы болып, мектепті үздікке аяқтайды,- дейді. Сайыстың жеңімпаздары халықаралық жарысқа жолдама алып, ел намысын қорғайтын болады.