Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДІНИ САУАТТЫ КАДРЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ

c 11:51, 28/08 c 12

0:00 / 0:00

Орал қаласында 54 мешіт, 110-нан астам имам қызмет атқарады. Оның - 17-сі бас имам, 60-ы наиб имам, ұстаздар мен азаншылар. Өткен жылмен салыстырсақ, жоғары оқу бітірген діни қызметкерлердің қатары толығып жатыр. Жыл сайын жоспар бойынша семинар сынды біліктілікті арттыру іс-шаралары тұрақты негізде өтеді.

НАУРЫЗ УБАЕВ

ОБЛЫСТЫҚ «АР-РАХМАН» МЕШІТІНІҢ НАИБ ИМАМЫ

Республикада діни қызметкерлерді оқытатын 10-ға жуық медресе бар. Оның бірі - облыс орталығында орналасқан. Бүгінде бұл оқу орнын 150-ден астам шәкірт тәмамдаған. Біліммен қаруланған жастардың 80 пайызы имам қызметіне кіріседі. Осылайша, аудандық мешіттің тізгінін ұстау мүмкіндігі беріледі. Бұл орайда, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық діни білімі бар қызметкерлерге қолдау білдіруде.

ДӘУРЕН ШАМҰРАТОВ

АҚПАРАТТЫҚ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мамандар ақпараттық технологияның дамуы кезеңінде әлеуметтік желі арқылы білім алу - үлкен қателік екенін айтады. БҚО-да 86 бірлестік пен 83 ғибадат үйі тіркелген. Сондай-ақ діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы басқа да ақпараттық материалдарды сату үшін 7 стационарлық орын бар. Мысырдағы «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетін өткен жылы батысқазақстандық 10 студент тәмамдаған. Облыста теолог мамандардың тапшы екенін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.