0:00 / 0:00
Облыстық диагностикалық орталығында тоқ ішекті зерттеудің жаңа әдістемесі енгізілді. «Виртуалды колоноскопия» аталатын заманауи зерттеу тәсілі мекемеде алғаш рет қолға алынып отыр. Бұл техниканың артықшылығы - эндоскопты қолданбай-ақ, артық ауыртпашылықсыз емдеу. Құрсақ қуысын диагностикадан өткізу облыстық диагностикалық орталығында бірнеше ай бұрын қолға алына бастаған. Дәрігерлердің айтуынша, емделушілер арасында ішек зерттеуіне сұраныс мол. Бұрындары бұл тексеріс жағымсыз өтетін болса, қазір мүлдем еш ауырсыну сезілместен жүргізіледі.
МҰРАТ ИСМАҒУЛОВ
Жоғары санатты дәрігерВиртуалды колоноскопия кезінде ауруды, ішектің созылуы мен үлкеюін анықтай аламыз. Ауру анықталғаннан соң, науқасты бізге жіберген дәрігерге қайта жібереміз.
Зерттеу япониялық 160 кесінді мультиспиральді құрылғы бойынша жүргізіледі. Бұл құрылғының көмегімен науқас ішегі, іш құрылысы едәуір анық көрінеді. Ал дәрігерлер болса, ішек құрылысы ауруларына бейжай қарамау керектігін ескертеді. Дер кезінде тексерістен өту - аурудың асқынуына жол бермейді.