Төтенше жағдай талаптарын сақтау мен облыс аумағында дезинфекциялық жұмыстарды орындау үшін арнайы Алматыдан 150 десант Орал қаласына келді. Сала мамандарының сөзінше, олар бейбіт мақсатта құзырлы органдарға көмектесу үшін келген. Жауынгерлер 3 бағытта жұмыс жасайтын болады. Ең бірінші алматылық сарбаздар мен офицерлер блок посттарды күзетіп, азаматтардың төлқұжатын тексереді. Ал, екінші қызметі Орал қаласының көшелерін дезинфекциялап, көшеде патрульді полиция қызметкерлеріне қолғабыс болады.