0:00 / 0:00
Келер жылы осы мекенде «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша мектеп салу жоспарланып отыр. Оған қоса жеке балабақшалар да пайда болады. Және қосымша қоғамдық көліктерді көбейту де жоспарланып отыр. Сондай-ақ мұнда қатқыл табанды жол да төселеді.Үкімет басшысының орынбасары «Көкжиек» шағынауданындағы құрылыстың қарқынына да қанықты. Мұнда жұмыстар толық дерлік аяқтала келген. Маңызды міндетті өз мойнына алған 5 мердігер 103 баспананы айдың аяғына дейін пайдалануға бермек. Қанат Бозымбаев жұмысты жеделдетіп, 1 қыркүйекке дейін зардап шеккен тұрғындарды жаңа үйлерге қоныстандыруды тапсырды.Облыс бойынша тасқыннан зардап шеккен 9 994 отбасының әрбіріне 100 АЕК көлемінде бір реттік төлем жасалса, үйі мен дүние-мүлкі бүлінген 10 222 жанұя 3 млрд 680 млнның өтемақысын алды. Бұған қоса панасыз қалған жанұяларға 2248 үй сатып алу көзделсе, қазір бұл жұмыстың тең жартысы орындалған. Сондай-ақ Сырым ауданындағы өтемақысыз қалған, зардап шеккен тұрғындар мәселесі де назарға алынады,- деді вице-премьер.