Деркөл кентінде жол жөндеу жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін аталмыш шағын аудандағы 6 көшенің жолы толықтай жөнделіп, тұрғындар игілігіне пайдалануға берілмекші. Атап айтқанда Сарыарқа шағын ауданындағы Өмірзақов, Мүсірепов, Саржайлау, Абылай хан, Майлин, Тақсай көшесінде барлығы 6 шақырымнан аса жол жөнделмекші.Жол жөндеуге қажетті құрылыс материалдары әкелінген. Өткен жылғыдай шикізат тапшылығы мәселесі болмайды дейді әкімдік өкілдері. Көптен күттірген жол мәселесінің шешімі табылғанына тұрғындар дән риза.