Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТЫҚ КУӘЛІК ТАБЫС ЕТІЛДІ

c 12:23, 29/03/2023 c 128

0:00 / 0:00

Парламент Мәжілісінің депутаттығына өткендерге куәліктері мен төсбелгі табыс етілді. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы сайланған 98 депутатты ресми түрде тіркеді. Бұл су жаңа депутаттардың өкілеттілігі заңды түрде басталады деген сөз. Орталық сайлау комиссиясына депутат куәлігін алуға келгендердің көңіл-күйін білген едік.

Кеше ғана ОСК сайлаудың түпкілікті қортындысымен жарияласа, кешке таман Ақорда Парламенттің сегізінші шақырылымның бірінші сессиясы өтетін күнді жариялап, Президенттің тиісті Жарлыққа қол қойғанын хабарлады. Парламенттің алғашқы отырысы ертең өтеді. Ал бүгін ОСК-да көпке созбай 98 су жаңа депутаттың куәлігі мен төсбелгісін табыстау рәсімі өтті. Осылайша бұл шақырылымның өкілеттілігі заңды түрде басталды. Депутат мандатына ие болғандардың көңіл-күйін білу үшін, журналистер оларды ОСК ғимаратының сыртында торуылдап тұрдық. Сайлау әділ өтті ме, мәжілісте қандай мәселені көтересіз деген сауалдарды қойған едік.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Сайлаудың нәтижесі бойынша партиялық тізіммен алты саяси партияның өкілдері депутат креслосына отырды. Оларға барлығы 69 мандат берілді. Қалған 29 орын бірмандатпен сайланған депутаттар арасында таратылды. Депутат мандаты бұйырғандардың ішінде жетінші шақырылым депутаттары да бар. Журналистер, ақын-жазушылар да осы жерден табылды. Сондай-ақ, Президент сайлауына түскен Жигули Дайрабаев, Нұрлан Әуесбаев және Қарақат Әбдендерге де депутаттық бұйырыпты. Еске сала кетейік, Партиялық тізіммен Amanat-тан 40 депутат, Ауылдан 8 мандат, Ақжолдан 6, Respublica-дан 6, Қазақстан Халық партиясынан 5 депутат, ЖСДП-н 4 депутат Мәжілістің төріне жайғасты. Ал бірмандатпен өткен 29 халыққалаулысының 22-і «Amanat» партиясының мүшесі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.