0:00 / 0:00
Төтенше жағдайға және қаелордада карантин жариялануына байланысты Парламент Мәжілісінің де жұмыс режимі өзгерді. Бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасы 19 наурыздан бастап депутаттарға жұмысқа тек жалпы отырыс күндерінде, сондай-ақ заң жобалары бойынша комитет және жұмыс топтарының отырыстарына келуге кеңес берді. Ал басқа күндері депутаттар онлайн режимде үйлерінде отырып-ақ қашықтан жұмыс істейді.
Қауіпті індеттің таралуы артқан сайын, елде қауіпсіздік шарасы да күшейтіле бастады. Парламент ойнлайн режимде жұмыс істеуге кірісті. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы әдеттегіден тыныш өтті. Ғимаратқа журналистер аяқ баспады. Жалпы отырысты онлайн режимінде бақыладық. Осылайша депуттар отырыстан соң дәлізде торуылдап тұратын БАҚ өкілдерінен демалатын болды. Төтенше жағдай мен карантин уақыты аяқталғанға дейін халыққалаулыларына да ғимаратқа келу режимі бекітіліп отыр.
Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; «Депутаттарға жұмысқа тек жалпы отырыс күндерінде, сондай-ақ заң жобалары бойынша комитет және жұмыс топтарының отырыстарына келуге кеңес берем.Бұл әрбір азаматтың қауіпсіздігін сақтау үшін жасалатын шаралар. Оған бәріміз түсіністікпен қараймыз әрі жоғары жауапкершілік танытуымыз қажет. Жалпы отырыстар тек депутаттар мен заң жобасы бойынша негізгі баяндамашылардың қатысуымен өтеді.»
Депутаттар қалған уақытында үйінде жатып, қолындағы смартфонымен ойнлайн режимде жұмысын жалғастыра беретін болады. Ал бұған дейін жоспарланған парламенттік тыңдаулар мен Үкімет сағаттары кейінге қалдырылды. Сондай-ақ депутаттар мен мәжілістің аппарат қызметкерлеріне іссапарларға шығуға тыйым салынды. Осылайша Мәжіліс қызметкерлерінің 70 пайызы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Ал аппараттың қалған қызметкерлері қысқартылған жұмыс күніне ауысты.
Нұрлан Нығматулин – ҚР парламент мәжілісінің төрағасы; «Құрметті әріптестер оысндай режимде жұмыс істейміз. Бірақ бұл жағдай бойды босаңсытуға жол бермейді. Заң шығару барысы мен сапасы төмендемеуі керек»