Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТТАР АНТ БЕРДІ

c 11:45, 30/03/2023 c 90

0:00 / 0:00

Мәжілістің сегізінші шақырылым депутаттары парламенттегі жұмысына кірісті. Дәстүр бойынша депутат креслосына отырмас бұрын ант беріп, халыққа адал қызмет ететінін айтты. 98 депутаттың 69 – ы партиялық тізіммен келгендер, 29-ы бірмандатты депутаттар.

Парламент Мәжілісінің ғимараты екі ай бойы депутаттарсыз бос тұрды. Науқандатып,сайлаулатып, керек дауысын жинап алған жаңа шақырылым да көп күттірмей жұмысына кірісті. Сегізінші шақырылымның бірінші сессиясының ашылуынан соң, мәжілістің алғашқы жалпы отырыс өтті. Отырыста депутат мандатына алғашқы рет қол жеткізгендері ант берді. Жаңа депутаттардың ант беру барысында сасқалақтап, мәтінді ұмытып қалу сияқты әрекеттері үнемі орны алады. Оған етіміз үйренген. Бұл жолы да ант беру барысында сүрінгендері болды. Шум
Республика партиясының өкілдері мәжіліске қан жүргіртеміз деп отыр. Ал мәжілістің ғимаратына бірінші рет келіп тұрған Ермұрат Бәпи тәуелсіз бірмандатты 7 депутаттан «Халық блогы» тобын құруды ұсынбақ. Өткен жылы Президент сайлауына түскен ауылдық Жигули Дайрабаев пен аманаттық Дәулет Тұрлыханов депутаттықты не үшін таңдады?

Әзірге депутаттар жұмыс кабинетіне орналасып үлгермепті. Дегенмен, мәжілістегі 7 комитет бойынша бөлініп, өзіне жақын саланы таңдап алды. Мәжіліске өткен алты партияның фракциясы да жасақталды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.