Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕПУТАТ ӘБІЛДАЕВ ПАРТИЯ ҚАТАРЫНАН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ

c 13:23, 20/01/2023 c 89

0:00 / 0:00

Парламент Сенатына 2017 жылы сайланып келген 16 депутат жылы орнымен қоштасады. Бүгін өткен Сенаттың жалпы отырысы бұл депуттатар үшін соңғы жиын болды. Өздеріңізге мәлім, 14 қаңтар күні Сенат сайлауы өтіп, өңірлерден 20 депутат сайланған еді. Оның төртеуі қайта сайланған қазіргі депутаттар.

Сабырлы сенаторлардың да депутаттық креслодағы уақыты аяқталды. 14 қаңтар күні өткен Сенат сайлауының нәтижесі бойынша, өңірлерден 20 депутат сайланған еді. Оның төртеуі қайта сайланған қазіргі депутаттар. Осылайша жоғарғы палатаға 16 су жаңа сенатор келеді. Ал 2017 жылы сайланған депутаттар жылы орнын босатады. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысы бұл депутаттар үшін соңғы жиын болды. Олардың арасында екі шақырылымда 12 жыл депутат болғандар да бар. Мұрат Бақтиярұлы арым таза сенатор болдым дейді.

Ал алты жыл депутат болған Динар Нөкетаева сенаттағы орнын қимай тұр.

Нөкетаева ханым өзі талай жыл қызмет еткен білім саласына оралуды жосарлап отыр.

Әзірге депутаттық мандатының мерзімі аяқталған 16 сенатор жүгін жинап жатқан болар. Бірақ оларға жаңа қызмет ұсыныла қойған жоқ. Біздің білуімізше жоғары заң шығару оганында істеген депутаттар далада қалмайды. Еске сала кетейік, сенат депутаттығына алты жылға маслихатпен сайланады. Арасында екі рет сайлауға түсіп, депутаттық мандатып ұзартып алып жататындар да жоқ емес. Бұл жолы сенаттағы ақсақал депутаттар орындарын босатып жатыр.Ал келесі аптада өтетін Сенаттың жалпы отырысында су жаңа сенаторларды көруіміз мүмкін. Әзірге олар ОСК барып депутаттық куәлігін алған жоқ. Жаңадан сайланған сенаторлардың орташа жасы - 54 жас.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.