0:00 / 0:00
Биылғы жылдың 7 айында өңірдегі банктердің бөлімдері 119 млярд теңге несие берген.Бұл блтырғымен салыстрғанда 23 пайызға көп.Бұл туралы Ұлттық банктің облыстық филиалының мамандары айтып отыр.Оның ішінде жеке тұлғаларға 58 млярд теңге сомасында несие берілген.Ал, депозиттер көлемі 11 пайызға артқан.
Батыс Қазақстандықтар несие алуды көбейткен. Биылғы жылдың алты айында жергілікті филиалдар 120 млрдқа жуық несие беріпті. биылғы жылдың бірінші шілдесіне кредит бойынша берешек сомасы 234 млрд теңгені құрады. Берешектер де өткен жылмен салыстырғанда шамамен 16 пайызға артып отыр.
Биыл валюталық заңнаманы сақтау бойынша 6 уәкілетті ұйымдардың қызметі тексеріліп, бастапқы статистикалық деректерді беру тәртібін бұзу мәселелері бойынша 3 әкімшілік іс қозғалып, 3 әкімшілік жаза қолданылыпты.
2018 жылғы жағдай бойынша облыс экономикасының нақты секторы мониторингіне қатысушылар саны 159 кәсіпорынға тең. бұл республика бойынша қатысушылардың жалпы санының 5,3 пайызын құрайды.