Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ҚАЙТА ҚҰРУ ТАПСЫРЫЛДЫ

c 19:10, 10/07 c 54

0:00 / 0:00

Еліміздің денсаулық сақтау саласында шешімі табылмай жатқан мәселе көп. Сапалы медициналық қызмет көрсету, емханалардағы ұзын-сонар кезекті жою, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, аты шулы МӘМС проблемасын шешу. Бүгінде елімізде 3 миллионға жуық адам міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қатыса алмай отыр. Жұмысбасты қазақстандықтар табысының 2 пайызын МӘМС қорына аударып отыр. Сол арқылы медициналық көмек алады. Ал ресми жұмыспен қамтылмағандардың мәселесі әзірге шешілмеген. Бұған дейін мәжіліс депутаттары да МӘМС-ке қатысты проблема мен денсаулық сақтау жүйесіндегі кемшіліктер баршылық деген еді. Оның ішінде медициналық қызметтерді қаржыландырудағы теңгерімсіздік, МӘМС моделінің өзі туралы нақты түсінік мүлде жоқ деді. Бастапқыда белгіленген параметрлерден ауытқу, республикалық бюджеттен қаржылан¬дырудың жеткіліксіздігі, халықтың аз қамтылуы сақтандырудың тұрғындар үшін тартымсыз болып қалуына әкеп соқты. Тіпті бірқатар депутат бұл жүйеден бас тартуды да ұсынғанды. Себебі, қазір медициналық көмектің сапасынан бұрын оның қарапайым қолжетімділігіне зəру болып қалдық. Науқастар дәрігерлердің қабылдауын ұзақ күтеді, ультра¬дыбыстық немесе компьютерлік томографияны бірнеше ай күтуге тура келеді –деген еді депутат Асхат Айма¬ғамбетов. Ақмарал Әлназарованың бұл қызметті тізгіндегені көп болған жоқ. дегенмен, өзіне дейінгі министрлердің толық шеше алмай мәселесі-МӘМС-тен бас тартпаймыз деген болатын. Президенттің алыдна барып есеп берген министр өзінің атқарып жатқан жұмысы және денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы жоспарлары жайында баяндадым деп отыр. Бірақ бас дәрігер нақты мәліметтерді атамады.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды сатып алу жүйесінің тиімділігі мен ашықтығы қамтамасыз етіліп жатқаны туралы айттым. Бұдан бөлек, медициналық мекемелер жұмысының тиімділігін арттырып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға бақылауды жақсарту үшін заманауи цифрлық технологиялар әзірленіп, олар қолданысқа енгізіліп жатыр деді Әлназарова. Ал мемлеект басшысы сапалы денсаулық сақтау жүйесін қайта құруды тапсырған.

Министрдің айтуынша, жаңа медициналық нысандар салу және сала қызметтерінің сапасын одан әрі арттыру мәселелері де талықланды. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың 2025-2030 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.