Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дені сау ұлт

c 17:03, 10/11/2020 c 623

0:00 / 0:00

Елде қызметкерлердің жұмыс орнында жаттығу жасау ережелері 10 қарашада күшіне енеді. Бұл жаңашылдыққа дайынбыз дейді Орал қалалық әкімдігінің қызметкерлері. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс бөлмелерінде арнайы спорттық құрылғыларды орнатып деннің саулығына ден қоя бастаған.  Бүгіннен  бастап жұмыс орнында жаттығу жасау ережелері өз күшіне енеді. Яғни жұмыс беруші қызметкердің жасына және жынысына байланысты жаттығуларды дайындауы керек. Бұдан бөлек жаттығулар жұмыс күнінің бірінші жартысында 10-15 минут уақытқа дейін созылуы тиіс.  Айта кеткен жөн денсаулықты нығайту және қызметкерлердің жұқпалы ауруға шалдықпауы үшін  қолға алынған шаралар ұйымдасқан түрде жүзеге асырылуда.
Ұйымда физикалық жаттығулардың жүргізілуін тексеру қарастырылмаған. Жұмыс берушінің өзі біледі. Дегенмен жұмыс беруші өз қызметкерінің денсаулығы үшін таңдау жасап, салауатты өмір салтын насихаттауды алға тарту қажет.   Бұл бастаманы қолдаған мемлекеттік қызметкерлер күн ұзаққа компьютер алдында жұмыс жасаудың өзіндік қиындықтарын айта отырып, дене жаттығуларын жасудың тиімді тұстарын да атап өтті.Бұл шаралардың тиімділігі өте зор дейді спорт бөлімінің өкілдері.  Алайда спорттық шараға жаппай қатысу қажет деген қалыптасқан қағида жоқ.  Ерік әркімнің өзінде. Бұл бастаманың өзіндік ұиындықтары да бар. Бетперде киіп физикалық жаттығу жасау оңай емес екенін ескерсек, кез –келген мекемеде арнайы жаттығу жасайтын орындардың жоқтығын да айтпай кетуге болмайды. Сондай ақ сантиарлық нормалардың сақталуы да аса маңызды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.