0:00 / 0:00
"Қайсар" әскери- патриоттық лагерінің қызметкерлері кәмелет жасына толмаған балалардың тәртібін қадағалауын жалғастыратын болды. Бұл туралы кәмелет жасына толмаған балаларға арналған комиссия айтып берді. Комиссияда баламды лагерьде ұрып-соқты деп шағымданған ананың ісі қаралды. Аталмыш оқиғанының мән-жайын полиция, әкімдік, білім бөлімі мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары түсіндіріп берді.
Жергілікті полиция қызметкерлері мектеп оқушысының анасынан арыз қабылдағандықтарын жеткізді. Аталмыш арыз бойынша анықталғандай, мектеп жасындағы бозбала мен оны жәбірлеген бала да 19 мектептің оқушылары екен. Тіпті, екі ер азаматта бір үйден тұрады екен. Соққыға жығылған бала ең алғашқы рет медициналық көмекке жүгінген кезде тіндердің зақымдалғаны тіркеліпті.
Дәрігерлер соққаға жығылған баланың анасы ауруханаға үш рет жолыққандығын айтып берді. Ақ халатты жандар кәмелет жасына толмаған баланы компьютерлік томографиялық тексерістен және ультрадыбысты зерттеу жүргізген. Сараптама нәтижесінде баланы ұрып соғу анықталмапты.
Ал, қалалық білім бөлімі "Қайсар" әскери патриоттық лагері тоғыз жылдан бері жұмыстанып жатыр дейді. Ертеректе, осы лагерьге қатысты ешқандай арыз келіп түспегендігін де жеткізді.
Кәмелет жасына толмаған балалардың ісі қаралған кеңесте мектеп оқушылары арасында тәрбиені нығайту туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, 15 жасар Мейрамбек Тулегеновтың анасы ұлымды әскери патриоттық лагерьде ұрыс соқты деп жан айқайын жеткізген болатын. Аталмыш оқиға шілденің аяғында орын алды.