0:00 / 0:00
Аты шулы Денсаулық сақтау кодексін сенат мәжіліске қайтарды. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" туралы кодексте міндетті екпе жасау нормасы қалды. Сенаторлар Кодекстің 77-бабындағы «емдеуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге ақпараттандырылған келісім беруге немесе бас тартуға» құқылы екенін нақтылауды ұсынып, жобаны Мәжіліске қайтарып жіберді. Біз сөзбен айтқанда «мәжбүрлі екпе жасау» сөзі «міндетті екпе» сөзіне ауыстырылды. Сондай-ақ, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізуді 2020 жылдың 1-і шілдесіне дейін созу, «дәрігерлік қателік» үшін жазаны жеңілдету мәселелері қамтылды. Енді дәрігерлік қателік үшін әкімшілік жауапкершілікке ғана артылатын болады.
Халық денсаулығын сақтайтын басты құжат аясында даулы мәселе көп. Кодекс енгізілгелі қоғамның пікірі екіге бөлінді. Мәселенің бәрі екпеге қатысты болып отыр. Құжатта балаларға жоспарлы, міндетті екпе жасау нормасы қарастырылған. Дәрігерлер жаппай вакцина жасау арқылы ғана қауіпті вирустар мен аурулардың алдын алуға болады деп санайды. Алайда, Қазақстанда міндетті екпе жасауға бәрі бірдей келісіп отырған жоқ. Сапасыз екпеден балалар ауруға шалдығып жатыр деген мәлімет көп.
Дегенмен, денсаулық сақтау кодексінде міндетті вакцина жасау нормасы өзгеріссіз қалды.
Министр жоспарлы, міндетті және ерікті вакцина бар дейді. Әрине бұл екпелер тек ата-ананың рұқсатымен жасалады. Ал екпеден бас тартқандардың балалары бала бақшаға алынбауы мүмкін. Себебі, ұжымдық иммунитет 95 пайызды құрамаса, онда екпе жасау міндеттеледі. Қарапайым тілмен айтқанда, мәжбүрлеу жоқ, бірақ епке жасатуға міндеттісіз.
Сенаторлар халық арасында дау тудырған епке мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары әлсіз жүргізілген деп отыр.
Кодекс аясында қызу талқыланған тағы бір мәселе, адам органдарын трансплатациялау. Министр тек Қазақстандық азаматтар үшін қажетті болған жағдайда ғана донорлық органдар шетелге шығаралатын болады дейді.
Бүгінде елде 3 мың адам бүйрек ауыстыруға кезекте тұр. 500 науқас бауырға донор күтіп отыр. 100 қазақстандыққа жаңа жүрек салу керек.