0:00 / 0:00
Бұл жолы басынан дау кетпеген құрылыс нысаны басқа мердігер компанияға тапсырып жатыр. Енді бұл нысан 2019-жылы қолданысқа беріледі дейді мамандар. 150 орынға лайықталған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының белгіленген мерзімнен кеш тапсырылуына осыған дейін құрылысқа жауапты болған "Марасант" ЖШС-нің мемлекеттік сатып алулармен келіспей, туындаған дауы себеп болып отыр. Нәтижесінде жоғарғы сотта тапсырыс беруші спорт басқармасы өздерінің дұрыстығын дәлелдеген. Осы жағдайға байланысты қаржыландыру тоқтатылып, құрылыс жұмысы 9 ай бойы қаңтарылып тұрған еді. Енді нысан "Алтаир" ЖШС-не табысталып отыр. Кәсіпорын ғимарат 2019 жылы ғана қолданысқа дайын болатынын айтады. Мектеп интернат Деркөл кентіндегі дене шынықтыру сауықтыру кешені жанында орналасқан.
Ал бүгінде жаттығатын жөнді орындары жоқ мектеп-интернат оқушылары жаттығу алаңдарын жалға алып жүр. Оларды тасымалдайтын көлік шығыны тағы бар. Орын-жайларды жалға алуға жыл сайын 57 млн теңге бюджеттен бөлініп отыр. Бұл мәселе ғимарат қолданысқа берілген кезде ғана шешімін таппақ. Нысан аймағы 4,5 гектарды құрайды. Дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың құрылысына 1,5 млрд теңге жұмсалғалы отыр.