Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрісіз, отасыз емдейтін орталық ашылды

c 17:57, 25/12/2017 c 983

Оралда дәрісіз, отасыз дерттен айықтыратын медициналық орталық ашылды. Сүйек-бұлшықет жүйесі сырқаттарынан айыққысы келетіндерге арналған таптырмас медициналық орталық «Бубновский дәрігер» есімін иемденген. Бұл орталықтың ашылуын қала жұртшылығы ұзақ күтті. Жаңадан ашылған «Дәрігер Бубновский орталығы» профессор Бубновский әдісі бойынша адам денсаулығын қалыпқа келтіруді және өмір сүру сапасын жақсартуды қазіргі кинезитерапия емдеу жүйесі арқылы ұсынады. Мұнда , омыртқа, остеохондроз, қол, аяқ, бетбейне, сүйек-бұлшықет жүйесі сырқаттарынан дәрісіз және ота жасатусыз айыққысы келетіндерге көмек береді. Бұл - қозғалу қабілетін қалыпқа келтірудің жаңа жүйесі.
Емдеу орны заманауи құралдармен жабдықталған. Көп функционалды жаттығу залы да жанына шипа іздегендерге қызмет көрсетуге арналған. Қазір мұндай емдеу әдісі Ресейдің және Украинаның 130-дан астам қалаларында және еліміздің де барлық шаһарларында қолданылуда. Дәрігер Бубновский орталығы Орал қаласы, Пойменная көшесі 2/4 мекенжайында орналасқан. Байланыс Телефоны: 871-12-53-81-91, 8776-753-81-91

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев
Монтаж:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.