Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерлерді қорғайық

c 10:06, 23/04/2020 c 446

0:00 / 0:00

Әлемді тұсаулап қойған қауіпті індетпен Қазақстанда 2 мыңнан аса адам ауырып жатыр. 500-ге жуық адам жазылып шықты, 19 адам көз жұмды. COVID -19 вирусын жұқтырғандар арасында медицина қыземткерлері көп тіркеліп отыр. Бүгінгі күні елде  589 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Бұл жайында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов онлайн сұхбат кезінде мәлімдеген еді. Өз кезегінде депутаттар дәрігерлерді қорғау шарасы дұрыс жүргізілмей жатыр, тіпті жұқпалы дертпен күрес барысында елімізде эпидемиолог мамандар тапшы екенін айтып даурықты. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Үкімет басшысына жолдаған сауалында, эпидемиолог мамандығына оқытуды жедел қолға алуды сұрады. Ал мәжілісмен  Павел Казанцев болса қазақстандық дәрігерлерді қолдау, қолпаштау шарасы төмен екенін айтты.

Еліміздің бас дәрігері Елжан Біртановтың  онлайн сұқбаты көңіл қоншытпайды. Министр елдегі карантин режимі мамыр айныда да жалғасуы мүмкін екенін айтты. Қазақстандықтарға қауіпті індеттен қорғану үшін карантин тәртібінде өмір сүруге үйренуге кеңес берді. Мамырдың соңына дейін  COVID -19 вирусын жұқтырғандар саны 3,5 мың адамға жетуі мүмкін. Сондай-ақ, министр Біртанов өзінің Facebook парақшасында  бұрынғы орынбасары Камалжан Надыровтың қауіпті індетті жұқтырғанын хабарлады. Кеше ғана  Надыров денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен босатылып, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне тағайындалған болатын. Себебі, бұрынғы басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев отставкаға кету туралы өтініш білдіргенді. Енді ғана жаңа жұмысын бастағалы отырған Камалжан Надыров қазір ауруханада ем алып жатыр. Өкінішке орай аты жаман аурумен күресте алдыңғы шепте жүрген дәрігерлердің індетті жұқтыруы артып отыр. Министрдің мәліметі бойынша елде коронавирус жұқтырған 589 медицина қызметкері тіркелді. Бұл орайда депутаттар  індеттің дәл ортасында жүрген дәрігерлерге қатысты жәйсіз сөздер, негізсіз айыптаулар айтқанша, оларды  қолдау, қолпаштау шарасын күшейту керек деген ұсынысты алға тартты.

Павел Казанцев – ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Тек статистиканы ғана бермей, бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде біздің медицина қызметкерлерінің тәулік бойы істеп жатқан қиын жұмысын көрсету керек. Сондай-ақ, полицейлер мен әскерилердің де еңбегін халық көріп, білуі тиіс. Толық ақпарат болғанда ғана халық түсіністік танытатын болады.»

Ал депутат Перуашев, аты жаман індетпен күресте эпидемиолог мамандарының тапшы екенін алға тартты. Медициналық жоғарғы оқу орындарында бұл мамандыққа оқыту мүлдем жойылып кеткен.Себебі, осы мамандықты игерген түлектер жұмыс таба алмады. Ал санитарлық эпидемиолог орган болса мемлекеттік қызметкерлерге басымдық жасайды.

Азат Перуашев –ҚР парламент мәжілісінің депутаты; «Біздің фракцияға хабарласып жатқан медицина қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстанда 10 жылдан астам уақыттан бері эпидемиолог мамандығына  оқыту мүлдем жүріп жатқан жоқ.2005-2007 жылдарда медициналық жоғарғы оқу орындарындағы  санитарлық-эпидемиологиялық факультеттер жалпы медицина факультеттерімен біріктіліп тастаған. Содан бері университеттерде эпидемиолог мамандығы мүлдем жоғалып кетті. Тіпті оған қойылатын талап та жоқ».

Осылайша, қауіпті вирус жайлаған кезде қажетті маманға зәру болып отырмыз. Ақжолдықтар үкімет басшысына жолдаған сауалында, бұл мәселені қайта жаңғырту керек деді.Қарағанды және Батыс Қазақстан өңірлеріндегі медициналық университеттер базасында мамандандырылған эпидемиологиялық орталық құруды ұсынды. Себебі, бұл оқу орындарында бұрын тиісті факультеттер болған. Медициналық ЖОО эпидемиологқа оқытуды қайта жаңғырту, жаңа оқу жылынан бастап осы мамандыққа оқыту үшін гранттар бөлу, тіпті «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында шетелге барып эпидемиолог мамандығын игеріп келуге мүмкіндік жасау қажеттігі талап етілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.