0:00 / 0:00
Соңғы кезде жәдел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасау деректер жиілеп кетті. Науқасты құтқарамыз деп барып, таяқ жеп жатқан дәрігердерді қалай қорғаймыз? Еліміздің бас дәрігері Ақмарал Әлназарова медицина қызметкерлерін қорғауға екі қолын сыбана кіріспекші. Ақ халатты абзал жандарға қауіп төндіргендерге қазір қолданыстағы заңнама бойынша 10 айлық есептік көрсеткіштен 15 айлық есептік көрсеткішке дейінайыппұл, 15 тәулікке дейін қамауға алуса. Енді бұл әрекеті үшін қылмыстық жазаға тарту көзделіп отыр. Үш жылға дейін бас бостандығынан айыру, шамамен 3 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салу қарастырылуда. Министрдің айтуынша, медицина қызметкерлерін сақтандыру мәселесі пысықталуда. Сондай-ақ, дәрігерлерді полиция сияқты бейнежетондармен жарақтандырмақшы.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА –ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Бұл күрделі сұрақ неше жылдан бері күн тәртібінен түспей тұр. Қоғамда орын алып жатқан жәйіттер бұл проблеманың барын көрсетіп отыр. Дәрігерлерге күш көрсетіп, шабуыл жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, медицина қызметкерлерін сақтандыру және олардың қауіпсіздігі үшін полициядағы сияқты бейнежетонмен жабдықтау ұсынылып отыр. Оның бәрін заңмен реттейміз»
Осылайша Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерге қатысты ұрып-соғу жағдайлары көбейгендіктен жазаны қатайту қажет деп отыр. Сатистикаға сүйенетін болсақ, 2019 жылдан 2023 жылға дейін фельдшерлерге, дәрігерлерге, медбикелерге 158 рет шабуыл жасалған. Бұл тек ресми статистика. Ал осы жылы тоғыз дерек тіркелген. Соңғысы Қостанайда орын алды. Өткен аптада жедел жәрдем фельдшеріне екі әйел шабуыл жасды. 24 жасар Анель Баймырзина науқастың өмірін сақтап қалуға тырысты, бірақ оның жүрегі тоқтап қалды. Сол кезде қызы медицина қызметкерін ұрған. Жергілікті полиция департаментінде «Ұрып-соғу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазақстандықтар дәрігердің қатесі фактісі расталғаннан кейін ғана өтемақыға сенім арта алады. Дәрігерлік міндеттерді орындау нәтижесінде науқастың өміріне немесе денсаулығына зиян келтіру сақтандыру болып есептеледі. Алайда, оның бәрі де осы санатқа жатпайды. Мысалы, аллергиялық реакциялар, медициналық процедуралардан кейінгі асқынулар немесе анафилактикалық шок медициналық инциденттер ретінде қарастырылады және сақтандыру жағдайлары болып саналмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын медицина қызметкерлеріне қарсы 300-ге жуық қылмыстық іс қозғалады. Бұл ретте сотқа соңғы төрт жылда барлығы 50 іс келіп түсті, қалғандары тоқтатылды. Адвокаттардың пікірінше, іс негізінен корпоративтік ынтымақтастық немесе тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады. Денсаулық сақтау саласындағы проблеманың бірі - МӘМС жүйесі. Халық бұл жүйеге жиі шағымданады. Қордағы қаражат бақылаусыз, азаматтардың жарнасы жүйесіз жұмсалып жатыр деген пікірлер бар. Ал МӘМС-ке тіркелмеген миллиондаған адам тегін медициналық көмектен қағылып отыр. Әлназарова осы қызметке келгіненде МӘМС-ті қолға аламын деген еді.
Сондай-ақ, министр ханым МӘМС жүйесіне қатыспай отырған 1300 медициналық мекеменің жұмысын бақылауға алғандарын айтады.