0:00 / 0:00
Соңғы жылдары артық салмақтан арыла алмай жүрген жандардың саны артты. Дәрігерлер азаматтардың артық салмақ қосуына пандемияның себебі барын айтады. Себебі үйде оқшаулану кезінде адамдар жиі ауқаттанып, кейін қозғалысты шектеп, теледидар алында уақытының көп бөлігін өткізгені жасырын емес.
Бұл-Жадыра Жасболат. Ол бір жылдың ішінде 35 келі салмақ тастаған. Кейіпкеріміз дұрыс тамақтанудың арқасында артық салмақтан арылғанын айтады. Бүгінде өмірін күрт өзгерткен Жадыра әуелі ғаламтордағы барлық ақпаратты оқып, тәжірбиесінде қолданыпты. Қазіргі кезде ол арнайы диетолог оқуын оқып, өз тәжірбиесімен бөлісіп жүр.
Эндекринолог дәрігерлер соңғы жылдары артық салмаққа шағымданып жүрген жандардың саны артқанын айтады. Ал артық салмақ жинауға пандемия себеп екен. Үйде отырған адам көп ас-шу ішіп, аз қозғалды. Дәрігерлер қанша көлемде тамақ ішсеңіз, сонша қозғалыста болу керектегін айтады.
Дәрігерлер артық салмақтан арылу үшін спортпен "дос" болу керек деп кеңес береді. Денедегі артық май түрлі ауруға әкеліп соғуы мүмкін. Көбінесе қант диабеті мен жүрек қан тамыр аурулары жиі анықталады екен. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген абзал.
Сурет https://kz.dietonus.eu/ сайтынан жүктелді