Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігерге сенбеймін

c 18:20, 23/12/2019 c 678

0:00 / 0:00

Денсаулық сақтау министрлігі қайтыс болған адамның денесін рұқсатсыз ағзаға алады деген ақпаратты жоққа шығарып отыр. Өзеріңізге мәлім, әлемуеттік желіде осындай қапарат тарағанды. Бүгін Еліміздің бас дәрігері бастаған медицина саласының мамандары халықпен кездесіп, саладағы проблемалық мәселелерді талықлады. Жиынға келген азаматтар  екпеге қатысты ойларымен де бөлісті.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың халықпен кездесуі эмоцияға толы болды. Дәрігерлердің қателігінен зардап шеккен азаматтар назын жарыса айтты. Мәдина есімді келіншек екпеден соң 7 жыл күтіп, 9 ай көтеріп, 9 ай бағып өсірген баласынан айрылғанын айтты. Оның айтуынша, баласының өлімін дәрігерлер жалған диагноз қойып, екпенің кесірінен екенін жасырып отыр.

Мәдина Шаймаханова - Нұр-сұлтан қаласының тұрғыны; «Мен енді халықаралық сарапшыларға шығып жатырмын. Телефонымда бүкіл дәйектер бар. Мен Қазақстанның жемқор шенеуніктері мен дәрігерлеріне сенбеймін. Олар тек ақшаға ғана дұрыс емдейді. Оған көзім жетті. Мен келесі баламды екпе алуға міндеттеуім керек пе. Бір аламды өлтіріп алып, екіншісін қалай сенемін. 7 жыл күткен  баламды аяқ астынан жоғалтып алдым»

Баласынан айырылып, қайғы жұтқан анаға денсаулық сақтау министрілігі өкілдері шағым жазыңыз, сол арқылы тексеріс жүргіземіз деуден басқа басу айта алмады. Ал бас санитар екпе жасатпаудың арты неге әкеп соғатынын айтты.Оның мәліметінше, екпе жастапғанның салдарынан әлемде 60 мың адам қызылшадан көз жұмды.

Жандарбек Бекшин – ҚР бас санитарлық дәрігері; «Қазақстанды алсақ, 2018 жылдың қарашасынан 2019 жылдың осы айы аралығында 13,5  оқиға тіркелді. Биыл қызылшадан 21 бала көз жұмды. Бұлардың бәрі екпе жасатпағандар. Олар үшін кім жауап береді»?

Профессор Жақсылық Досқалиев те екпе жасату балалардың денсаулығы үшін  қажет деп сендірді. ЕуроОдақ елдерінде екпе жасатпаса ата-анасына 100 ден 500 еуроға дейін айыппұл салады дейді ол. Ал Германияда айыппұл көлемі 2500 еуро.

Жақысылық Досқалиев – профессор; «Румыния,Италия, Ұлыбритания,Франция, Чехия, Бельгия,Польша елдерінде екпе салынбаған балаларды балабақшаға, мектепке қабылдауға шектеу қойылған»

Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері анықталмаған мәйіттерге қатысты жалған ақпарат жайында пікір айтты. Әлеуметтік желіде "Енді  анықталмаған мәйітті жақындары танып, беруді талап етуге бұрынғыдай 45 емес, 10 күні ғана бар.Ал үлгермесе, мәйіт биомедициналық зерттеулерге арналған сый болып табылады", -делінген  хабар тараған еді.  Алайда, бұл мәліметті жоққа шығарды.

Сондай-ақ, Қазақстанда мәйіттерді зерттеуге беру тәжірибесі жоқ екенін мәлімдеді. Соңғы 10 жылда мемлекетте анықталмаған мәйітті университеттерге беру жағдайы тіркелмеген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.