0:00 / 0:00
Батыс Қазақстан облысында 280 бүлдіршін жүрек дертіне шалдыққан деген арнайы диспанцерлік есеп тұр. Қазіргі таңда есепте тұрған балалардың 68-іне астанадан ота жасалды. Облыс аумағында бүлдіршіндердің жүрегін қарайтын кардиолог болғанымен, бірақ, кішкентай науқастарға ота жасайтын кардиохирург маман тапшы. Сол себепті 4 жылдан бері "Ұлттық ғылыми орталықтың" мамандары батыс қазақстандық бүлдіршіндерді тексерістен өткізіп келеді.
Нұр-сұлтандық кардиохирургтар Орал қаласына табан тіреді. Елордалық дәрігер бірнеше күннің ішінде жүрегінде ақауы бар балаларды тексеріп, шұғыл ота жасау қажет науқастарға квота береді. Осылайша, шұғыл түрде медициналық көмекке мұқтаж жандарға уақытылы көмек көрсетіледі. Сала мамандары осындай тексерістердің 4 жыл бойы жүргізіліп келе жатқандығын айтады.
БҚО балалардың жүрегіне ота жасайтын маман тапшы болғандықтан, елордалық дәрігерлер жылына екі рет келіп, тексерістен өткізеді. Қазіргі тексеріс барысында 100-ге жуық бала кардиохирургтардың қабылдауында болыпты.
БҚО 280 бүлдіршіннің жүрегінде ақау табылып, арнайы есепте тұр. Дәрігерлердің бақылауындағы 68 науқас елордада ота жасатып, сырқаттан құлан таза айығыпты.