Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дәрігер тапшы

c 10:41, 17/10/2020 c 744

0:00 / 0:00

Медицина саласында маман тапшы. Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев елімізде дәрігер кадрларының тапшылығы 5 201-ді құрады. Қостанай облысында 624 қызметкер қажет. Ең жоғары тапшылық осы өңірде дейді. Әсіресе, анестезиолог-реаниматологтар , терапевтер,дәрігер-зертханашылар ,психиатрлар, акушер-гинекологтар, педиатрлар, инфекционистер,эпидемиологтар, неонатологтар тапшы болып отыр. Бұл жайында ОКҚ өткен брифинге барысында айтылды.

Ақ халаттылардың қадірін пандемия барысында  білдік. Қауіпті індетпен күресте алдыңға шепте жүрген дәрігерлер адам өмірі үшін  өздеріне төнген қауіпке қарамастан еңбек етуде. Коронавирустың таралуы елде инфекицонист, эпидемиолог мамандарының тапшы екенін көрсетті. Тіпті шетелдік дәрігерлердің көмегіне жүгінген кез де болды.  Медицина кадрларының тапшылығы - бүгінде денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл салада қала мена уылды алғанда кадр ресурстарының тепе-теңсіздігін сезінудеміз.  Бүгінде елде 5 201 дәрігер тапшы болып отыр. Әсіресе Қостанай өңірінде жоғары көрсеткіш. Облысқа 624 медицина қызметкері керек екен. Сонымен қатар елде орта медицина қызметкерлеріне тапшылық 8 583-ті құрайды.

Өкінішке орай, соңғы жылдары жоғары білікті мамандар мемлекеттік медициналық ұйымдардан мемлекеттік емес жекеменшік ұйымдарға кетіп жатыр. Бұған себеп жалақы мәселесі. Мемлекеттік медициналық ұйымдарда қызмет ететін дәрігерлердің еңбекақысы жекеде жүргендерден әлдеқайда төмен.Мамандардың осы салада қалуы үшін бірінші кезекте денсаулық сақтау қызметкерлерінің мәртебесін арттыру  қажет дейді орталық басшысы. Бұл орайда материалдық  қолдаудан бастаған жөн.

Ресми статистикаға сүйенсек, денсаулық сақтау жүйесінде медицина қызметкерлерінің саны 253 883 адамды құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.