0:00 / 0:00
Қазіргі таңда дәрі-дәрмектерге деген сұраныс артып тұр. Сондықтан дәрі-дәрмектерді алдыру, соның ішінде коронавирустық инфекциясы бар науқастарға жедел тарату басты проблема болып тұрғаны хақ. Аймаққа бұрын қолданбаған вирусқа қарсы жаңа препаратты әкелу мәселесі қаралып жатыр. Осы кезге дейін қоймаларға 6000 пакет парацетамол, 4500 парацетамолды алмастыратын дәрі әкелінді. Десе де, кейбір дәрі-дәрмектердің тапшылығы әлі де бар.
Ендігі өзекті мәселе - дәрігерлердің жетіспеушілігі. Қазіргі уақытта мемлекеттік ауруханаларда 1 288 маман жұмыс жасап жатырса, оның 332 жеке, ал медициналық колледждің 104 түлегі облыстық медициналық ұйымдарға таратылды.
Түлектердің тек тамыз айында келетіндігі аймақ басшысына ұнамады.
Халыққа ЖҚҚ тарату туралы Мұхтар Манкеев сөз сөйледі. Оның айтуынша, №1 дәріханада күніне 600 литр антисептик шығарылады екен. Бетперде мәселесі де шешіліп жатыр. Өңірде бір ғана компанияның оларды өндіруге лицензиясы бар екен. Медециналық маскаларды шығаратын кәсіпорынға қажетті жабдықтарға тапсырыс беріліпті. Қыркүйектің басында іске қосылатын мекеме күніне 45000 маска шығарады деп жоспарлануда.
Жиын соңында Ғали Есқалиев Оралда қатаң тәртіп жоқ деп бірнеше басшылыққа ескерту жасады.