0:00 / 0:00
Еліміздің ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің ел экономикасын дамытудағы алдағы үш жылға арналған үш ықтимал сценариі бар екен. Бүгін өткен Үкіметтің онлайн отырысында отырысында «2021–2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасында қарастырылды. Басты міндет алдағы жылға жоспарланған әлеуметтік міндеттерді толық орындау болып отыр. Бас экономистің болашаққа болжауын ескерсек, жалпы ішкі өнім 2021 жылы 76,7 трлн теңгені, ал 2025 жылы 104,8 трлн теңгені құрайды. 2021 жылы мұнай өндіру 86 млн тоннадан 2025 жылы 100,7 млн. тоннаға дейін өседі.
Министрлер кабинеті бүгін алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің заң жобасын майшаммен қарады. Пандемия барысында ел экономикасы әлсірегені сөзсіз. Әлемдік мұнай бағасы да құлдырап, шикізатқа тәуелді біздің елге үлкен соққы болды. Дегенмен, бас экономистің болашаққа болжамы үміт отын оятады. Министр Дәленов бүгінгі отырыста аптимистік танытты. Ол сыртқы және ішкі жағдайларды ескере отырып, Қазақстан экономикасын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған 3 ықтимал сценарийі әзірленгенін айтты.Министрдің сөзіне сенсек, ішкі жалпы өнім өсіп, мұнай өндіру артып, қарық боламыз.
Ұлттық экономика министрі барлық базалық салаларда өсім күтілуде деп сендіреді. Өңдеу өнеркәсібі жылына орта есеппен 6,7 пайызға өсіп, кен өндіру өнеркәсібіне қарағанда озық қарқынмен артады. Кен өндіру өнеркәсібінде өсім 2,9 пайыз деңгейінде болады. Ауыл шаруашылық, сауда да өсім 5-6 пайызға жетпек. Қаржы министрі болса, басты мақсат алдағы жылдарға арналған әлеуметтік міндеттемелерді орындау дейді.
Басты қаржы құжатын талқылай келе, үкімет басшысы министрлерге осы қарқынды төмендетпей, үйлесімді және жедел шешімдер қабылдауымыз керек деді. Әлемдік экономикадағы жағдай, Қазақстан экономикасына да кері әсерін тигізіп отырғанын айтты.
Үкімет әзірлеген республикалық бюджет жобасы одан әрі Парламентте қаралып, талқыланады. Ол жерге жеткен соң депутаттардың да алып-қосары болары сөзсіз.