0:00 / 0:00
Өңірде көктемгі жоспарланған далалық жұмыстар басталып кетті. Биылғы түскен қардың молдығынан диқандар мол өнімнен үмітті. Өйткені ағымдағы жылы қажетті техникалар жаңартылып, егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 4,5 гектарға ұлғайды.Облыс бойынша аталған жұмыстармен шұғылданатан 600 шаруа қожалағы бар. Бүгінде ауа райының қолайлылығына байланысты ылғал жабу, культивация жұмыстары жүргізілуде. Ал көктемгі егін науқанына 2 мыңнан аса жұмысшы тартылады деп жоспарланып отыр. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық басқармасы мамандарының мәліметіне сәйкес, өңірдегі дәнді дақылдар алқабының жалпы көлемі биыл 542 мың гектарды, оның ішінде жаздық дәнді дақылдар 188 мың гектарды құрайды деп болжануда. Бұл үшін арнайы кондициялы тұқым әзірленіп, далалық жұмыстарға қажет 12 мың тонна жағармай шаруашылықтарға жеткізілген. Үстіміздегі жылы аудандардағы майлы дақылдардың егіс алқабы 64,8 мың га болады деп көзделуде. Картоп және бау-бақша дақылдарының егіс көлемін 10 000 гектарға жеткізу жоспары тұр. Орал қаласы бойынша көктемгі-далалық жұмыстары басталған. Биыл қала аграршыларымен барлығы 18 мың гектар алқапқа дәнді-дақылдар егу жоспарланыпты. Шаруаларға төгілген тердің жемісін көру, мол өнім алуды көздейді. Сол себепті биыл су жаңа техникалар сатылып алынды. Мәселен, тұқым жинау техникасы және тракторлар жаңартылды.