Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дағдарысқа қарсы шара

c 19:45, 10/03/2020 c 536

0:00 / 0:00

Доллар бағамы шарықтап, 396 теңгеге жетті. Мұнай бағасы  барреліне 35 долларды құрап отыр. Әлемдік экономикада жағдай мәз емес. Бұл үрдіс  Қазақстан бюджетіне қалай әсер етеді. Ел экономикасы ақсап қалмай ма?  Бүгін Үкімет отырысында министрлер кабинеті  президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың берген тапсырмасы бойынша жұмысты бастап кетті.  Басты тапсырма – мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау.Толығырақ үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары жайында Әселім Қалкен баяндайды.

Қара алтынның құны арзандап кетті. Мұнай экспорттаушы 24 елдің арасындағы мұнай өндіруді шектеуге байланысты ортақ келісімге келе алмаудың салдары бір күнде мұнайдың арзандауына әкеп соқты. Мұнай бағасы барреліне 31 долларды құрап,  доллар бірден  шарықтап шыға келді. Күні кеше еліміздің айырбастау пунктерінде бір доллар 400 теңгеге дейін жетсе, бүгін 396 теңгені көрсетіп тұр. Әлемдегі экономикалық жағдай ушығып тұрған сәтте ел үкіметі Президенттің тапсырмасына сай жедел штаб құрды. Мамин үкіметі  дағдарысқа қарсы күресті бастаймыз деп екі қолды сыбанып отыр.  Үкімет басшысы құзырлы органдарға әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауын болдырмауды тапсырды.

Өз кезегінде пермьер-министр бюджет шығыстарын қысқартуды тапсырды. Айт кету керек, Үкімет ел бюджетін мұнай бағасы 55 доллармен  деп бекіткен болатын. Енді бірқатар шығыстарды оңтайландыурға тура келеді. Ал әлеуметтік төлемдерге әсер етпейді деп уәде берді.

Доллар шарықтап 400 теңгеге тіреліп тұрған сәтте, министрлер бұл жағдайды теңгенің құнсыздануы деуге ерте деп отыр.

Руслан Дәленов – ҚР ұлттық экономика министрі; "Техникалық тұрғыдан айырбас дәлізі бар жерде девальвация болады. Біздің елде ол дәліз жоқ. Бізде еркін айырбас бағамы. Мұндай дәліз болмағандықтан, девальвация болжанып отырған жоқ".

Байқағанымыз үкіметтегілер әлем алаңдап отырған жағдайға аптимисті түрде қарап отыр.Мұнай бағасы 30 долларға дейін түскеннің өзінде ел экономикасына қауіп төніп тұрған жоқ дейді қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов.  Ал бас экономист дағдарыс кезінде ұлттық қорға қол салмаймыз, өз күшіміз жетеді деп сендіреді.

Руслан Дәленов – ҚР ұлттық экономика министрі; «Біздің дағдарысқа қарсы жоспарымызда Ұлттық қордан ақша алу қарастырылмаған.Егер жағдай тіптен қиындап кетіп жатса,  Ұлттық қорға жүгінуімізге тура келеді. Бүгінде ҰҚ-да 27 трлн теңге жиналған. Егер жылда 2,7 трлн теңгеден алып отырсақ бұның өзі үлкен сома»

Ел экономикасы мұнай шикізатын экспорттаудан құралып отырғаны мәлім. Қара алтынның осынша қүнсыздануы 1991 жылдары орын алған болатын. Ал мұнайдың арзандауы бензин бағасының төмендеуіне әкеп соғуы мүмкін бе?

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.