Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дағдарыс орталығына келушілер саны артқан

c 17:16, 13/12/2021 c 2127

0:00 / 0:00

Отбасында зорлық көріп, таяққа жығылып, түрлі қысымды бастан өткеріп жүрген әйелдер көп. Отасқан жарын түрлі себепті желеу етіп, ұрып-соғып, баласының психологиясына зиян келтіріп жүргендер өздерін ақтап та алады. Ерлі-зайыптылардың проблемасына көз жұма қарайтын тума -туыс та аз емес. Биыл осындай соққыға жығылып, өміріне қауіп төнген 200-ден астам әйел қаламыздағы дағдарыс орталығының көмегіне жүгінген. Олардың 100-ге жуығы орталықты паналапты. Сала мамандары жыл санап мекеме қызметін алатын тұлғалардың қатары артып келе жатқанын айтады. Мәселен, бұрындары осындай орталықтан ішімдікке үйір, тұрмысы төмен жанұялар көмек сұраса, қазір материалдық жағдайы өзгелерден кем түспейтін отбасыларда да аталмыш проблема белең алған. Мұнда келетін жандардың тағдыры сан қилы.Аты-жөнін атамауды сұраған келіншек күйеуінің дөрекі мінезін бірден байқамағанын айтады. Қазір үш баласымен қалада тұратын ол жарынан көрмеген жылуды «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығынан» іздеуде. Мамандар сан қилы тағдырлармен үнемі байланыста және қиын сәттерде қол ұшын беріп тұрады. Алғысым шексіз, - деді үш баланың анасы. Мұндай мысалдар көп-ақ. Әр қаракөздің тағдырына жазылған өзіндік шындығы бар. Сала мамандары көп жағдайда әйел заты заңды құқығын білмегендіктен, оған қоса мінездерінің жуас болуы себепті тұрмыстық зомбылыққа көніп жүре беретінін айтады.Орталықтан пана іздегендер тек әйелдер емес. Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдер мен балалар саны артқан. Қосағынан зәбір көрген әйел балаларынан жылулық сезбеген қариялар осы мекеме көмегіне жүгінетін көрінеді. Мамандарды алаңдатып отырғаны да - осы. Барар жер, басар тауы қалмағандар орталықта алты ай тұруға құқылы. Осы уақыт аралығында ерлі-зайыптылармен психологтар жан-жақты жұмыс жүргізеді. Тараптарды татуластыруға тырысады. Соған қарамастан, кей аналар балаларын жалғыз өсіруге бел буған. Осы орайда, орталық директоры Талшынай Жүніс аналарға қоғам тарапынан материалдық тұрғыдан қолдау керектігін айтып отыр.
Мемлекет тұрмыстық зорлық-зомбылықпен қаншама күрессе де, әлсізге әлімжеттік жасайтын жандар азамай тұр. Тіпті, жолдасының үстінен арыз түсіріп, кейін жанұяның болашағы үшін деп арызын қайтарып алатындар көп. Мұндай оқиғалардың көбі қайғылы жайттармен аяқталып жатыр. Оған мысал ретінде осыдан екі жыл бұрынғы Ираида Ислямғалиеваның басынан өткерген трагедиялық жағдайды айта аламыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.