Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Cу тапшылығы

c 10:32, 09/11/2020 c 446

0:00 / 0:00

Қазақстан суы аз табиғи кезеңге кірді . 2019 жылы жалпы 83 шақырым текше метрге тең болды. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш 90-100 шақырым текше метр деңгейінде болды. Осыған байланысты, суармалы жерлер бойынша жағдай қиындады. Әсіресе елдің оңтүстік облыстарында қатты сезіліп отыр. Бұл жайында парламент Сенатында өткен үкімет сағатында экология министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Ал Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елдегі гидротехникалық нысандардың 40 пайызы тозған деп отыр.

Судың да сұрауы бар. Жылдан жылға суармалы жерлерде су тапшылығы орын алып жатыр. Еліміздің бас экологы Қазақстан суы аз табиғи кезеңге кірді деп отыр. Мұның әртүрлі себебі бар. Қоршаған орта үлкен өзгеріске тап болуда. Өзен-көлдерің арнасы тарылып жатыр. Сондай-ақ, қардың аз жауғаны да әсер етеді. Үкімет сағаты барысында  келтірілген деректерге сүйенсек,  Алматы облысында өткен жылдармен салыстырғанда қар жамылғысы 35 пайыз аз болды. Жамбыл облысында 15-20 пайыз төмен тіркелді. Түркістан және Қызылорда облыстарында да су тапшылығы орын алды. Республика бойынша қолданысқа алынатын судың 97 пайызы оңтүстік өңірге тиесілі.

Ал еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин Есонау 60-70 жылы салынған су шарушалығына аранлаған құрылыстарының жағдайы сын көтермейді. Елдегі гидротехникалық нысандардың 40 пайызы тозған деп отыр.

Юрий Ильин –ҚР ТЖМ "Гидротехникалық құрылыстар қауіпті жағдайда тұр. Су шаруашылығы құрылыстарының басым бөлігі 1960-70 жылдары салынған. Қазіргі таңда олар тозған. Тіпті, 40 пайызға тозған құрылыстар да бар. Енді апат жағдайында тұрған су қоймайларын қайта жаңғарту керек. Гидротехникалық құрылыстардан ағын суын өткізу және апат жағдайларының алдын алу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі, әрі су шаруашылығы нысандарына бақылау жүргізіледі"

Табиғат заңдылығы. Күз өтіп, қылышын сүйреп қыс келеді. Одан әрі көктемнің әлегі  қар еріп, су тасиды. Осыған орай экология министрлігі  Қазақстанның тоғыз өңірінде 39 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Бұған 115 млрд теңге қажет.Бұл су қоймалары салынса 70 елдімекен үшін су тасқыны қаупін азайтуға, жаңа суармалы жерлерді 394 мың гектар айналымға енгізуге, ауыл шаруашылығы саласында 129 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдерімен трансшекаралық өзендердің суына тәуелділіктен арылуға мүмкіндік туады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.