0:00 / 0:00
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа байланысты үш түрлі болжамын жасады. Оның үш сценариі бар. Егер пессимистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 60 пайызды құраса 2021 жылдың маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны 95 мың адам болады. Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді. Ал оптимистік сценарий бойынша, вакцинация тиімділігі кем дегенде 95 пайызды болса, сол айларда тіркелгендердің саны шамамен 61 мың адамды құрайды. Ал қазір елде эпиджағдай тұрақты дейді ол. Үкіметтің отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай мәселесі талқыланған еді.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой болашақты болжағанда алдына жан салмай отыр. Сәуегей Цой бұған дейін де бірнеше рет өз болжамдарын жасаған еді. Бұл жолы министр егер екпе жасатсаңдар жағдай жақса болады деп отыр. Халықты вакцина салдыруға үндеудің жолын тапқан министрдің жаз-күз айларына індеттің таралуы бойынша үш сценариі бар.
Алексей Цой- ҚР ДСМ -«Пессимистік сценарий бойынша вакцинация тиімділігі кем дегенде 60 пайызды құраған кезде маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны 95 мың адамды құрайды. Реалистік сценарий бойынша, вакциналау тиімділігі 80%-дан кем болмаса, маусым-қыркүйекте науқастар саны 69 мың адамға жетеді. Ал оптимистік сценарий бойынша, вакцинация тиімділігі кем дегенде 95 пайызды болса, маусым-қыркүйек айларында тіркелгендердің саны шамамен 61 мың адамды құрайды».
Болашақты көре білетін министр бұл болжамы азаматтар вакцина алуда белсенділік танытқан жағдайда жүзеге асады деп отыр. Сондықтан министр әкімдерге вакцинацинациялау қарқынын арттыруды жүктеді. Халық арасында індеттен құтылудың жолы екпе екенін түсіндіру керек деді. Елорда басшысы Алтай Көлгінов өзінен бастағанды жөн көріпті. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мұғалімдермен бірге вакцина алғанын хабарлады. Алайда әкім қай екпені салдыртқанын ашып айтпады.
Еліміздің бас дәрігері Цойдың айтуынша, республика бойынша ковидтің таралуы бәсеңдей бастады. 5 мамырдан бері тәулігіне індетті жұқтырғандардан, жазылып шыққандар саны артып отыр.