Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЦОЙДЫҢ ҮНДЕУІ

c 09:36, 19/08/2021 c 717

0:00 / 0:00

Еліміздің бас дәрігері Алексей Цой қазақстандықтарды ауырып қалған кезде өз бетінше емделмей бірден дәрігерге жүгінуге,  карантин талаптарын бұзбай, індеттің таралуына жол бермей, вакцина салдыруға үндеді. Министрдің айтуынша, бір апта ішінде науқастар саны 2 пайызға азайды. Соңғы үш аптада елде эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда. Тамыз айынан бастап коронавирустың таралуы 14 процентке төмендеді. Алайда, бұл көңіл қуантатын жағдай емес. Себебі, жансақтау бөліміне түсетін науқастар саны көбейген. Оған дельта-штамы себеп. Оған қоса, вирус жұқтырған адамдар өздігімен емделуге тырысады да, ауруханаға кеш барады дейді министр. Бүгін Үкіметтің онлайн отырысында елде эпид жағдай талқыланған еді.

Түркістан облысынан басқа өңірлер түгел қызыл аймақта. Статистикаға көз жүгіртсек, індет жұқтырған науқастар саны сәл де болса азайып жатқанын көресіз. Дегенмен, бұл босаңсуға жол бермейді. Себебі, дельта-штамының таралуынан жансақтау бөлімінде жатқан науқастар саны көбейді. Адамдар ауырып қалған кезде өз бетінше емделіп, асқындырып алып жатыр дейді министр. Сол себепті, сәл ауырсаңыз, бірден дәрігерге жүгінген жөн.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ- ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ «Халықтан ауырып қалған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгінуді сұраймын. Өз бетінше емделіп, ауруды асқыныдырп алып жатыр. Сол себепті жансақтау бөлімінде жатқандар көп.Індеттің таралуын өршітпеңіздер, карантин талабын сақтаңыздар! Демалыс күндері де локдаун сақталуы керек.  Қарапайым ережелерді сақтасақ, жүздеген адамның өмірін сақтап қаламыз».

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша,  «Ashyq-пен» "қызыл" және "сары" мәртебесі бар 46 мыңнан астам адам анықталды. Оның ішінде 30 мыңға жуығында  ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен. Адамдар үйде оқшаулану режимін сақтамай, халық көп жиналатын жерге барып жүр. Осылайша, індеттің таралуына себеп болып отыр.  Цойдың айтуынша, қанша тиым салынса да , той-томалақ тыйылмай тұр. Мониторингтік топтардың жұмысын күшейту қажет. Сондай-ақ, ковидке қарсы екпе салдыру науқаны барлық өңірде бірдей қарқынды жүріп жатқан жоқ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елде вакцинаның бірінші компонентін салдырғандар саны 6 миллионнан асты. Екінші компонентін 4,8 миллионнан астам адам жасатқан. Негізінде  12 миллион адамға екпе салдыру жоспары тұр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.